Айжан Байзақова көпшілікке өзінің мектеп кезіндегі махаббатын таныстырды. Бұл туралы ол telegram-парақшасына жазды.
«Бірінші сыныптағы суретім қолыма түсті. Жанымда тұрған бала өзім ғашық болған жігіт. Оны ешкімге берместей, жанына тұрып алғанмын ғой. Өзіме тиесіліні ешкімге бермеймін. Алыс жүріңдер», — деп жазды Байзақова.
Айжан Байзақованың қыз бен жігіт қарым-қатынасына деген түсінігі кәдуілгі қыздардан мүлдем бөлек. Оны көпшілік әлі күнге түсіне алмай дал. Бір сөзінде блогер жүрегінің бір кездері қатты жараланғанын да айтып, содан кейін адам танымастай өзгергенін жеткізген.