Танымал отандық әнші Нұржан Керменбаев әйелімен бірге түскен суретін Instagram әлеуметтік желісіне жүктеп, жұрттан біраз сөз естіп қалды. Желі қолданушылары жас келіннің хиджаб кигеніне көңілдері толмай отыр. Айта кетейік, Нұржан үйленгелі бері көпшілікке жан жарын алғаш рет көрсетті.
Әнші Instagram-парақшасына жүктеген суретіне «Әйелдердің ең жақсысы өз үйін мешіт ете алғандар. Ахмет ибн Ханбал» деп жазба қалдырған. Оның оқырмандары болса келіншектің сұлулығынан гөрі киген киімін көп сөз етті.
Желі қолданушылары Нұржан Керменбаев пен оның әйеліне арабтарға еліктемей, қазақы жолмен жүруге кеңес берген. Яғни олардың бірі орамалды қазақтың келіндері секілді тағып, хиджабқа оранбауға шақырса, өзгелері Нұржанды "сақал жіберіп, балағын қысқартып ал" деп мұқатыпты.