$ 444.14  477.05  4.85

Төреғали Төреәлінің продюсері енді әншімен кездескісі келмейтіні жеткізді

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері белгілі шоумен Жан Мұқанов жаңа жобаны қолға алыпты. Ол қазақ эстрадасына жаңа жұлдызды алып келетінін айтып, ал Төреғалимен біржола қоштасқанын мәлімдеді.

Өзінің айтуы бойынша, ол ел арасынан нағыз тума талантты тауып, оны қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналдырмақ екен. Төреғали Төреәліні кезінде «Ұлы дала баласы» деп халыққа танытқан да осы Жан Мұқанов болатын.

365info порталына берген сұхбатында ол қазір әншімен еш араласпайтынын және оның өмірінен еш хабары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, ол, Төреғалимен кездеспеуге тырысатынын да жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары