$ 439.43  473.31  4.82

Шынайы сурет көргілерің келе ме? Айсәуле Бақытбектің суретін көрген жұрт шошып кетті

Айсәуле Бақытбек өзінің желідегі парақшасына «шынайы суретім» деп фото жүктеді. Алагөзованың қызын көрген жұрт шошып кеткендерін жасырмады.

«Шынайы сурет көргілерің келді ме? Иә, екінші суреттегі менмін. Процедурадан кейінгі түрім осы. Шошымаңдар. Бәрі жақсы, әлі толықтай жазылған жоқ, бірақ үйден әлі шыға алмайтын сияқтымын. Бағасы 100 мыңнан 150-ге дейін», — деп жазды Айсәуле Бақытбек өзінің instagram-парақшасына.

Көпшілік бұл суретті көре салысымен эмоцияларын жасыра алмай жатты. Пікірлердің 70 пайыздан астамы жағымсыз.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек күні кеше ғана қазақстандық БАҚ-қа көңілі толмайтынын айтып, жаңа ақпараттық жоба ашқанын мәлімдеген. Оның косметологиялық процедураларын ұятты жиып қойып жарнамалағанына қарағанда қаржы тапшылығы кәдімгідей қажытқанға ұқсайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары