$ 494.87  520.65  4.91

Немқұрайлы қарайды: Баян Алагөзова лифтіде көз жұмған журналистің өліміне кінәлілерді атады

4 сәуір күні лифтіде аяғы қалып, сол жерде қаза тапқан тележүргізуші әрі журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты Баян Алагөзова пікір білдірді. Айтуынша, қайғылы оқиғаға жұмысына салғырт қарайтын пәтер иелері кооперативі кінәлі.

«Лифтілер бұзылады. Себебі, немқұрайлымыз. Журналист қыздың өлімі бірінші және соңғысы емес. Оны толық сеніммен айта аламын. Пәтер иелері кооперативінің қалай жұмыс істеп жатқанын, оларға берген ақшамыздың қайда кеткенін білгіміз де келмейді. Төлеген салығымыз лифтілерді жөндеуге де қарастырылмаған. Маргарет Тетчер айтқандай, «мемлекеттің қаржысы салық төлеушілерден жиналады». Ал ол сіз бен біздің ақшамыз. Қаражат кімнің қалтасына кетіп жатқанын білмейінше, лифтілер осылай бұзыла береді. Ал жас әрі сұлу келіншектер қыршынынан қиылады», – деп бөлісті ол өзінің instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы үйлердің бірінде «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасының журналисі Айзат Әбдісамат лифтіде аяғы қалып, сол жерде көз жұмған болатын. Марқұмның артында 2 баласы қалды. Көз алдына анасынан айырылған үш жасар қыз дәл қазір психологтардың көмегіне зәру.  

Болған оқиғаға қатысты күні кеше қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары