Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 14:50 Ескі үйдегі елес
Айзат Әбдісамат
Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өліміне шенеуніктер де кінәлі боп шықты

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өліміне шенеуніктер де кінәлі боп шықты

Ақтөбедегі лифт қызметінің техникалық қауіпсіздігіне жауапты адам Әдеп кеңесіне келіп, беогілі журналист қаза тапқан оқиғаға қатысты жауап берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Қайтыс болған журналистің анасы Қарақатты екіжүзді деп айыптады

Ақтөбеде лифтіде аяғы қысылып қайтыс болған журналист Айзат Әбдісаматтың анасы Қарақат Әбілдинаның екіжүзділігін айтып, өзін қайырымды көрсеткісі келген әншіге ренішін білдірді. 

Ақтөбеде лифтіде қысылып көз жұмған журналистің отбасы Қарақатты іздеп Астанаға келген

Ақтөбеде лифтіде қысылып көз жұмған журналист Айзат Әбдісаматтың жұбайы мен қызы Астанаға әнші Қарақат Әбілдинаны іздеп барған. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

«Айзат қайда кетті?» деп сұрайды: Ақтөбеде лифтіде қаза тапқан журналистің анасы марқұмның кішкентай қызы жайлы айтты

Ақтөбеде лифтіге қысылып жан тапсырған Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот алдында кооператив директоры мен жантүршігерлік оқиғадан төрт-ақ күн бұрын сол лифтіні жөндеген механик жауап беруде. Алайда екі айыпталушы да өздеріне тағылған айыппен келіспейді деп хабарлайды 31 арна.

Лифтідегі қайғылы оқиға: Ақтөбелік журналистің қайтыс болу себебі анықталды

Айзат Әбдісамат қаза болған лифт жөндеуден өткенімен, техникалық қауіпсіздік ережелері мүлде сақталмаған деп жазады ҚазАқпарат. 

Ақтөбеде лифтіде көз жұмған журналистің өліміне қатысты соттың қашан өтетіні белгілі болды

Лифтіде көз жұмған ақтөбелік тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты қылмыстық тергеу жұмыстары толық аяқталды. Қалалық сотқа жеткен қылмыстық істің бүгін сот алдындағы тыңдалымы өтті. Судья Ербол Әбдіхалықовтың төрағалық етуімен өтетін алғашқы сот процесі 13 тамызға белгіленді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сотқа айыпталушы ретінде ескі лифтке жауапты «Жанабек сервис» серіктестігінің басшысы Кенен Жанабек пен техникалық қызмет көрсететін мекеме өкілі Жарылқасын Ақжанов шақырылған. Тағы бір айыпталушы денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты тыңдалымға келген жоқ.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 бөлігі («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша тергеледі.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында 28 жастағы Айзат Әбдісамат есігі жабылмай қалған лифтіде көз жұмған болатын.

Мамасын сұрамайды: Лифтіде қаза тапқан журналистің анасы жанайқайын жеткізді

Ақтөбелік журналист Айзат Әбдісамат қаза болған лифтке әлі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Тұрғындар адам ажалы болған лифтке екі айдан бері шошына қарап жүр. Ағашпен тіреліп қойылған жедел саты балалар өміріне де қауіп төндіруде деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Аяғын жұлып әкетпеді: Ақтөбеде лифтіде қаза тапқан журналистің күйеуі адам шошырлық жайтты айтып берді

Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды. Бүгін Айзат Әбдісаматтың күйеуі Қайыржан Ерқасымов бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді деп жазады ҚазАқпарат.

Немқұрайлы қарайды: Баян Алагөзова лифтіде көз жұмған журналистің өліміне кінәлілерді атады

4 сәуір күні лифтіде аяғы қалып, сол жерде қаза тапқан тележүргізуші әрі журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты Баян Алагөзова пікір білдірді. Айтуынша, қайғылы оқиғаға жұмысына салғырт қарайтын пәтер иелері кооперативі кінәлі.

Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған келіншек журналист болған

Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған Айзат Әбдісамат жергілікті «Ақтөбе» арнасында балалар бағдарламасы мен таңғы бағдарламаны жүргізген. Журналистің әріптестері оның ақкөңіл, пейілі кең адам болғанын айтып отыр деп мәлімдейді ҚазАқпарат.