09.04.2018, 09:17

22 жастағы алматылық жігіт келіншегінің әпкесімен төсектес болғанын айтты

22 жастағы алматылық жігіт келіншегінің туған әпкесімен төсектес болғанын жазып, мақтанды. Көпшілік жігіттің бұл қылығын арсыздыққа балап, сөгіп жатыр.

«Басымнан өткен жағдайды айта кетейін. Өзім үйленгенмін. Жасым 22-де. Қапшағайға қайын жұртыммен бардық. Сол жерде қайын әпке, бажаларыммен сыра іштік. Біраз мас боп қалдым. Ұйықтайтын жер іздеп жата қалдым. Бір кезде оң жаққа қарасам, бұрыннан ұнатып жүрген қайын әпкем жатыр. Ұйықтап жатқан шығар деп қолын ұстадым. Ол да маған жабысып, екеуміз аймаласып, жыныстық қатынасқа түстік», – деп мақтанған жігіт Instagram-парақшасындағы топтардың біріне хат жазыпты.

Желі қолданушылары болса жігіттің арсыздығын айтып, ер адамды біраз жерге апарып тастады. Тіпті, келіншегі бұл жағдайды естісе, отбасы ойран болатынын да ескертті.