Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың төрт өңірінде сынап бағаны нөлден төмендеп (-1...-8°С), үсік жүреді деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК алдағы сенбі, 2026 жылғы 31 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің кей өңірлерінде қалың қар, ал кейбірінде жаңбыр жауатыны, сынап бағаны нөлден төмен түсетіні болжанады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың төрт өңірінде сынап бағаны нөлден төмендеп (-1...-8°С), үсік жүреді деп күтіледі:
Жамбыл облысында; Алматы облысында; Жетісу облысында; Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында. "Қазақстанның солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде атмосферлық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманның түсуі, желдің екпін алуы жатқызылады, ал түнде солтүстік-шығыста, шығыста көктайғақ болады", - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.Сонымен қатар, болжамға сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында; төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.