Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Айша үшінші сәбилерін күтіп жүргендері белгілі. Аяғы ауыр Айша жүктілігіне қарамастан камераның алдында секіріп би билеп, Instagram пайдаланушыларына талқылайтын тақырып тауып берді.
Еске салайық, айы-күні жақындаған әнші жуырда отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында сәбиін суға босанатынын айтқан болатын. Енді жұрт оның билегенін әңгіме қылуда.