$ 494.87  520.65  4.91

Айжан Байзақова алматылықтардан мезі болғанын айтты

Атышулы блогер Айжан Байзақова алматылықтардан шаршағанын айтты. Қалтасынан телефонын шығарып, рұқсатсыз суретке түсіретіндерден шаршадым деп жазды ол өзінің Telegrm-каналында.

«Негізі мен төзімдімін. Десе де, Алматыда жынды болып кететін шығарсың. Өзім туралы әңгімелерге көзімді жұмып келдім. Бірақ біздің тәрбиелі алматылықтар кептелісте тұрып та қалтасынан телефонын шығарып, «эээ Байзақова» деп ұялмастан суретке түсіруді біледі. Сөйтіп тұрған жерлерінде оларды Камаз таптап кетсе қуанар едім. Мен де сол кезде телефонымды шығарып суретке түсірер едім», - дейді Байзақова.

Ол жуырда сауда орталығының ішінде өзін бейнекамераға түсіріп тұрған ер жігіттің қолындағы смартфонын тартып алып қойғанын айтып, тіпті видеосын жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары