Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) келесі жекпе-жегі Лас-Вегас қаласынан Лос-Анджелес қаласына ауыстырылуы мүмкін деп жазады Vesti.kz порталы.
"Головкиннің 5-мамырдағы кездесуі StubHubCenter спорт кешенінде өтуі туралы келіссөз жүріп жатыр. Калифорниялық бокс жанкүйерлері үшін керемет жаңалық ...", - деп жазды өзінің твиттер парақшасында Los Angeles Times тілшісі Ланс Пагмайер.