$ 494.87  520.65  4.91

Тәттіқұмар: Әлемдегі ең кәрі адамның құпиясы ашылды

Жапон шалы Масадзо Нонака биыл 112 жасқа толды. Оған кеше әлемдегі ең қарт адам атағын растайтын арнайы сертификат табыс етілді деп жазады Sky news.

Рекордсмен 1905 жылы 25 шілдеде Хоккайдо аралында дүниеге келген.

Оның ұзақ жасауының құпиясын бәрі білгісі келеді. Сөйтсе, Масадзо тәтті жегенді жақсы көретін адам болып шықты. Сосын газет оқуға құмар, әрі ыстық қайнардың суына көп түседі екен.

Бұл ақпаратты Масадзоның немересі де растайды: «Ол кәмпит десе өледі. Жақсы көреді. Жапонның кәмпиті болсын, Батыс елдерінің кәмпиті болсын – сүйсініп жейді«, — деді Юко Нонака.

Бұдан бұрын жер бетіндегі ең кәрі адам атағы 113 жастағы испаниялық Франциско Оливереде болатын. Ол биыл ақпанда қайтыс болып кетті.

Ал енді жер бетінде бұрын-соңды ең ұзақ жасаған адам Жанна Луиза Кальман деген әйел. Ол 122 жыл және 164 күн өмір сүрген.

Жапондар да негізі ұзақ жасайтын халық. 2017 жылы Жапония үкіметі елде 100 және одан да жоғары жасқа келген 68 мың адам бар екенін мәлімдеген еді.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары