Шымкенттік намазхан жігіт әйелін «қыз туа бердің» деп тастап кеткен. Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде көпбалалы ана 5 қызын асырап-бағу үшін көмек сұрап отыр.
«Күйеуі тек қыз туа бердің деген сылтаумен Шымкент тұрғыны Кәриманы тастап кеткен. Бүгінде Кәрима Хайдарова 5 қызымен жалғыз қалды. Олардың 2-еуі мүмкіндігі шектеулі. Жалғызбасты ана кез келген көмекке мұқтаж», – деп жазылған хабарламада.
Аталған отбасыға көмектесіп, қол ұшын созамын деуші жомарт жандар болса +7 (771) 386-07-74 байланыс телефонына хабарласа алады.