$ 494.87  520.65  4.91

Баян Алагөзова: «Қарабет» деген жаман атқа қалдым»

Баян Алагөзова күйеуінің көзіне шөп салып, таяқ жегеннен кейін денсаулығына әжептәуір зиян келгенін айтқан. Содан бері продюсердің өмірі түбегейлі өгеріпті.

«Әліге дейін толық айыққан жоқпын, өзіме келіп жатырмын деуге болады. Сол оқиғадан кейін жанымда, денемде жара қалды, жобаларым тоқтап қалды. Бірақ өмір жалғасып жатыр. Қайтадан жұмысыма кірістім. Иә, бұрынғыдай бар күшіммен, бар ынтаммен болмаса да, біраз тірлік тындырдым. Халық болса, менің жағдайымды түсінбей, тек сынға алды. Толық есімді жиюға мүмкіндік бермеді. Журналист, блогерлер ақ-қарасын білмей, ойына келгендерін жазды. Маған кішкене уақыт беруге болатын еді ғой. Біздің халықта жан ашу деген жоқ, қатігез. Менің де біреудің қызы, анасы, одан қала берсе әйел екендігімді ұмытты. «Темірден жаралған» деп ойлай ма білмеймін, «қателік жасауға мүмкіндігі жоқ» деп есептейді. Бірақ, айналайындар, мен де сендер сияқты еттен жаралған тірі адаммын, қателік жасауға құқым бар. Басыма түскенді жауыма да тілемеймін.

Өкінішке қарай, біздің еркектердің басым бөлігі үшін әйелдің қадірі жоқ. Кез келген дамыған елге барыңызшы, әйелді адам ретінде, өздерімен тең көреді. Ал бізде әйел адам күйеуінің қас-қабағына қарап сөйлеу керек, киіну керек. Көңіл-күйі болмаса, көңілін көтеру керек, тек жылы сөздер айту керек. Тамақ, балаларға қарау тек әйелдің мойнында. Міне, осындай принциппен өмір сүреді. Ал әйелдің көңіл-күйіне кім қарайды, кім жылы сөздер айтады, ол ешкімге керек емес. Иә, дұрыс, күйеуін құрметтеу керек, бірақ бұл «әр айтқанына бағыну» деген сөз емес. Осы тақырыпты көтеремін деп, «позор страны» деген атқа ие болдым. Десе де, бұл ұстанымымнан қайтпаймын», – дейді Алагөзова Otyrar.kz порталына берген сұхбатында.

Сондай-ақ продюсер «жұлдыз» боп кетті деп сынайтындарға да жауап берді.

«Иә, мұны да айта кетейін, әйтпесе, ертең «Баян адамдарды менсінбей кеткен» деп жазатындар табылады. Көзім жаралы болғаны үшін селфи жасамаймын. Камераға жақын арақашықтықта және тік қараған кезімде көзімдегі зақым қабынып кетеді», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары