Қаншама қыздың бағын ашқан Баян Алагөзова тұңғышы Айсәулені де «жұлдызға» айналдырғысы келетінін бұған дейін бірнеше рет айтқан. Тіпті қызын 6 жыл бойы воколға беріп, үміттеніпті. Десе де, өзінен әнші шықпайтынын Айсәуле бірден мойындады.
«Мен өзімді ән әлеміндегі қара аққу сияқты сезінемін. 6 жыл воколға қатысқанымнан түк шықпады. Есесіне, музыкалық қабілетім жақсарды. Оны видеодан байқауға болады» , – деп блогер ән сабағындағы сәтті Instagram-парақшасына жүктеді.