11.04.2018, 11:35

Укол салам! Жас келіншек балабақшаға барып жүрген баласын тәрбиешілер қорқытатынын айтты

Instagarm-парақшасындағы «Үшбу хат» тобына жас келіншек балабақша тәрбиешілеріне қатысты сұмдық жағдайды жазды. Айтуынша, баласы үйіне «апайлар қорқытты» деп үрейленіп келетін көрінеді.

«Осымен екінші рет хат жазып отырмын. Көпшіліктен сұрайын дегенім, балам 1 айдан бері балабақшаға барып жүр. Онда шуласа, жыласа, балаларды қорқытады екен. «Қараңғы бөлмеге қамаймын», «құлағыңды кесемін» немесе «укол салмын» деп укол көрсетіп. Осыларды тәрбиешіге қалай айтсам екен? Ұрыспай түсіндіруге болады ғой. Өзім сабырмен, жәймен түсіндіремін. Енді балабақшада мынандай болып отыр. Сіздердің балабақшаларыңыз қалай?», – деген ана көптің ойын білгісі келетінін айтты.

Көпшілік әйелге дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берді. «Әйтпесе, проблема ушығып кетуі мүмкін» дейді олар.