$ 448.15  483.46  4.86

Бір-бірімізге ғашықпыз: Отбасы бар еркекпен ашына болған семейлік әйел жұрттан ақыл сұрады

Тұрмыстағы келіншек отбасы бар еркекке деген махаббатынан қайғы жұтып жүргенін NUR.KZ порталының тілшісіне әңгімелеп берген. Екі баланы тәрбиелеп отырған әйел күйеуінен біржола кеткісі келетінін жасырмайды.

«Менің күйеуім, екі балам бар. Бірде әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен таныстым. Қалай ғашық боп қалғанымды өзім де білмеймін. Ол да мені сүйеді. Бірақ бір-бірімізге қосыла алмаймыз. Себебі екеуміздің де отбасымыз бар», - деп ағынан жарылды келіншек.

Гүлназдың күйеуі екі апта жұмыста, қалған күндері үйде болады екен. Сол уақыттарда кездесіп жүрген ол күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындасам ба дейді.

«Азамат жұмыста болмаған күндері Жарқынмен таныстым. Біз бір-бірімізге ғашықпыз. Ол менсіз өмір сүре алмаймын дейді. Бірақ ол отбасын тастамайды, менде де солай. Бұл ашыналықты бітіргім де келді, бірақ Жарқын менен ажырағысы келмейді. Қызғаныштан алдында бетімнен шапалақпен ұрған. Қазір кешірім сұрап жүр. Кешіремін әрине, өйткені мен де оны сағанып жүрмін. Күйеуімді қалай тастасам екен? Азамат жақсы күйеу және балаларына қамқор әке. Оның көзіне шөп салып жүргенімді білмейді. Отбасы бар еркекпен ойнас құрып жүргенімді мойындасам ба екен? Сөйтіп, балаларды алып кетіп қалсам ба?», – деп Гүлназ жұрттан кеңес сұрайды.

Жұрт болса Гүлназды жағадан алды. Олар келіншекті сайтанның азғыруына түсіп қалған деп айыптауда. Тіпті, оны танымал продюсер Баян Алагөзоваға теңегендер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары