$ 498.34  519.72  4.85

Айару әкесінен аумайды: Нағима Есентаева ағасы мен сіңлілерін сағынып жүр

Баян Алагөзованың бірінші күйеуі Бақытбектің қарындасы ағасына деген сағынышын жасырмайды. Оның әскердегі ескі суреттерін Instagram-парақшасында бөліскен ол сіңлісі Айарудың әкесінен аумайтынын айтады.

Нағима сондай-ақ, түрмеде жазасын өтеп жатқан Бақытбектің мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынынан үмітті екенін де жасырған жоқ.

«Алтындай ағатайым! Бүгін бір өткен кеткенді ойға түсірдім. Бір күліп, бір жылап отырған жайым бар. Ағатайым менің фотоларымды неге шығарып қойдың деп кейін маған ұрысатын шығар. Ол жыртыңдап фотоға түсіп, әр жерден көрініп жүргенді ұната бермейді. Айаруды әкесіне ұқсайды деп жатсыздар ғой. Айару да көп күлмейді, суретке қабағын түйіп түседі. Ағам да солай. Бірақ өмірде өте қалжыңбас, ақкөңіл, жайдары, кішіпейіл жан», - деп жазды Нағима Есентаева.

Еске салсақ, осыдан екі жыл бұрын әйелі (Баян Алагөзова) көзіне шөп салғанын білген Бақытбек Есентаев оны ұрып-соғып, артынша пышақтап тастаған болатын. Сот шешімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, пышақтан тірі қалған Баян болса ақыры Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл жарастырып, екеуі шаңарық көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары