12.04.2018, 11:07

Күйеуімнің телефонынан жезөкшелерді іздегенін көрдім: 25 жастағы келіншек жыныстық жолмен жұғатын аурулардың түрлерін сұрады

«Қызға кім бармайды, қымызды кім ішпейді». Тағы бір келіншек желіге күйеуінің жүргіш екенін жазып, жұрттан көмек сұрады. Айтуынша жолдасы жезөкшелерге барып, айызын қандырып жүр екен. Ең сорақысы – жігіт ауру жұқтырып алыпты.

«Жасым – 25-те. Отбасы құрғаныма 6 жыл болды. 1 қызым бар. Жолдасым да 25-те. Қызымның сабағына қатысты керек мәліметтерді қарағым келіп, күйеуімнің телефонын алдым. Google-ға кірсем, интернеттен сатылатын қыздар іздеген. Күйеуіме айттым. Мойындамай қойды. Оны төсекте ренжітпейтінмін. Кейін біраз уақыт өткен соң телефонын тағы ашсам , «трипак лечение» деп жазыпты. Бұл қандай ауру? Маған да жұға ма деп қорқып жүрмін. Жақында бала көтерсем деп едім. Оған зияны тимей ме? Не істесем болады? Жауаптарыңызды асыға күтемін», – деп келіншек көптен көмек сұрады.