13.04.2018, 12:12

Оқушылар роботты «Қара жорғаға» билетті (ВИДЕО)

Оқушылар ағылшын тілді роботтан қазақша түсінетін, сәлем беріп, қазақша билейтін робот құрастырды деп мәлімдейді TVK телеарнасы.

Сәлем беретін, оңай сауалдарға жауап беретін, қара жорға билейтін Миконоид есімді роботты Шымкент қаласындағы 55 мектептің оқушылары құрастырды. 

Миконоид алғашында АҚШ-та жасалған. Кейбір керекті бөлшектерін Новосібірден әкеліп, шымкенттік оқушылар толықтай жетілдіріп жасап шыққан. 

«Біз оған қара жорға билеуді үйреттік, жаттығу жасайды, ушумен айналысады. Оны алғаш құрастырғанда ол ағылшын тілді еді. Бірақ біз оны модернизацияладық. Енді ол орысша сөйлей алады, қазақша түсінеді. Ол қара жорға билегенде, өкінішке қарай, тек қана қолы мен басы қозғалады. Біз аяғын да қимылдатқымыз келеді. Оған қазақша сөйлету – біздің арманымыз», – дейді Қуаныш Қадыров есімді оқушы.

Дереккөз: Today.kz 

Тегтер: Шымкент Робот