14.04.2018, 18:03

21 жастағы қызтеке жігіт көршілері, сыныптастары зорлап тастағанын айтты (ВИДЕО)

Өзін Gayana are деп таныстырған 22 жастағы қызтеке жігіт Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында жеке  өмірі жайлы айтты. Оның бұндай жолға түсуіне 11 жасында көрген психикалық әрі физикалық зорлығы себеп болған екен.

Студиядағы психологтың «бала күніңде зорлық болды ма?» деген сұрағына Gayana «иә» деп жауап берді.

«11 жасымда көршілерім, сыныптастарым және өзімнен үлкен ұл балалар зорлап тастады. Қарсылық көрсеткеніме қарамастан мені ұрып, зорлап тастады», – деді ол.

Gayana are жасөспірім шағында өзі қатарлас жігіттерден ерекшелеу екенін аңғарған.  Өзін қыз сезініп, айнаға жиі қарай бастаған ол ата-анасы, достарының сөзіне құлақ аспастан қыз балаша киінеді. Айтуынша оған қазіргі өмірі ұнайды.