$ 494.87  520.65  4.91

Қасқыр зоб ауруын емдейді екен

Ел ішінде ем тәсілдерінің түр-түрі көп қой. Осындай ерекше де қызықты бір ем түрін бізге Орал қаласында тұратын Гүлмира Бисенбаева жолдаған екен деп Seykhuninfo.kz.

«Менде қасқырдың өңеші бар. Ангина мазалағанда емге соны қолданамын. Жақсы кө­мектеседі. Таңертең ашқарын­ға шалқайып жатып, ауызды ашу керек. Сосын жарты кесе қайнаған жылы суды қасқырдың өңешімен жүргізесіз. Мұны үш күн жасайсыз. Керемет ем болады. Ешқандай дәрі-дәр­мектің керегі жоқ», – дейді ол.

Түз тағысының өңешін зоб ау­руына қарсы ем ретінде қол­да­натын да емшілер бар. Оның өті, тырнағын да кәдеге асырушылар болған. Біз осы жайында деректер іздес­тіріп көрген едік.

«Сырдария ауданы, Жеті­көл ауылында  тұрған марқұм Сақтаған Алшынбаев кезінде қас­қырды қолға түсірген мықты аңшы еді. Түз тағысының тырнағы, өті және басқа да дене мүшелерімен адамдарды емдеген еді. Қақпанына түскен қас­қырдың терісін сыпырған соң, оның ішін жарып, жүрегі мен өтін, табанын тырнағымен қо­са алатын. Олармен жас баланы емдейді. Ал тырнағымен үлкен адам мен жас  баланың ту сыртынан шаншу тигенде жасауға болады.

Қасқырдың өтімен өкпе ауру­ы­на шалдыққан балаларды емдеуге болатынын айтатын. Жү­ректі әбден кептіріп, үгітіп, бала­ларға беретін. Онымен көз тиген баланы емдейтін. «Бір жағынан бала ешкімнен қорықпайтын жүректі, білекті болады деуші еді».  

Бұдан да қызықты деректі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мылтықбай Ерім­бе­товтің жазбасынан кез­дес­тір­дік. Онда Әбибулла есімді қақ­пан­шы: «Табиғатта оның санитар міндетін атқаратыны туралы жазылып жүр. Мен емге қажет тұсын айтайын. Қасқырдың өті, бауыры, тісінің де қасиеті мол.

Жас босанған әйелдердің емшегі ісіп кетуі күтім­сіздіктен болатын көп тараған аурудың бірі. Қасқырдың бауырын кесіп, кесеге кішкене езіп, екі рет жаққанда, ісік сап басылады.

Қасқырдан болар-болмас бір шиша ғана бүйрек май, іш май шығады. Ол бала көтермеген әйелдерге шипа екен. Суық тиген, салқын шалған несеп жолына сол іш май жағылады дейді.

Бірде қасқыр сойып жа­тыр ем, бір әйел: «Бүйрегін бері­ңіз­ші, ата. Өкп­е ауруым бар еді», – деді мұңайып. Екі бүйрегін бер­дім. Шоққа аунатып-аунатып жей салды. Кейін сол әйел жазылып, балалы болды деп ес­тідім.

«Ит тиген балаға қасқыр тісі – жақсы ем» деп қазақ тісті суға салып, баланы шомылдырып жатады. Шынында өз көзіммен көрдім: суға тісті салып, баланы шомылдырса болды, құлан-таза айығып кетеді.

Ем емес жері жоқ қасқырдың. Мал дәрігерлері ат бе­лінен шойырылғанда тотияйын қояды. Оның керегі жоқ  екеніне көзім жетті. Атымның белі шойырылып, біреудің айтуымен қасқыр өтімен емде­дім. Терісін тіліп, аттың арқасына бидайдай өт салып, тік­тім. Бір сағаттан кейін тұрып кетті. Екі бидайдай болса – ауыр соғады екен. Ал тотияйын кейде тұрғызады, кейде тұрғызбайды», – дейді.

Табиғатта біз білмейтін немесе ұмыт қалған осы сияқты ем түрлері көп қой. Бұл соның бірі ғана екені анық.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары