Спорт журналисі әрі блогер Олжас Оқас Алматыдағы «Барыс» базарынан бұған дейін түрлі көліктерді көрсетіп, олардың бағаларына тоқталған еді. Бұл жолы ол «Алматы Toyota орталығына» әлі жете қоймаған Camry 70 жаңа автокөлігін «Барыс» базарына түсісімен көпке таныстырып, бағасын айтты.
«Атырау тұрғындары 2 айдан бері Camry 70 автокөлігін пайдаланып жүр. Ал Алматыға бұл көлік енді ғана жетті. Дәл қазір «Барыс» базарындағы бағасы – 14, 500 мың теңге.
Кузов толықтай өзгерген. Оптикасы басқаша. Алыстан қарағанда Хендай Элантраға ұқсайды. Қозғалтқыш көлемі – 2,5. Бұның бойында 206 аттың күші бар. Америкадан келген жақында ғана», – дейді Олжас Оқас.
Айта кетейік, Toyota Camry 70 автокөлігі Қазақстандағы салондарға мамыр айынан бастап сатылымға шықпақ.