$ 494.87  520.65  4.91

Тәрбиесі сондай: Аша Матай «Қалаулым» қатысушысы Замира жайлы айтты

Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының экс-қатысушысы Замира жайында пікірін білдірді. Ол ел арасында үлкен дауға себеп болған Замираның эфирде қандай болса, өмірде де дәл сондай екенін айтты.

Бұл туралы Аша "Гәкку FM" радиосының "Если честно" бағдарламасында айтып берді.

"Біздің Замира атты қатысушымызға қатысты негатив көп. Біз онымен жұмыс істеу үшін арнайы психологтар жалдаймыз деп айта алмаймын. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Былай жасасаң қалай болады, кішкене сабырлылық танытсаң қалай болады деп айтамын. Қазір ол кішкене салмақты бола түсті. Енді ол сондай. Тәрбиесі, болмысы сондай", – деп түсіндірді ол.

Алайда соған қарамастан, Аша эфирде қатысушылардың дөрекілігін көргенде шыдай алмайтынын мойындады.

"Кейде мен жарылып кетемін. Сонда өздеріңе сырттай қараңдаршы деп айтамын. Біздің командамыз онымен күресіп келеді. Бірақ мен тележүргузішімін. Мен қатысушыларды таңдамаймын, сценарийді жазбаймын, тек жүргіземін", – деп ақталды ол.

Сондай-ақ, Аша "Қалаулым" шоуында тек ақша үшін жүрмегенін айтты.

"Жалпы бұл жерде менің миссиям бар. Себебі мен эфирден тыс, шынайы өмірде де осындай іспен айналысамын. Мына құрбым ана жігітке сай келеді деп… Жалпы, солай болуы керек те шығар. Онда тұрған не бар? Егер екі адам бір-біріне сай келсе, неге олардың қосылуына себепкер болмасқа? Бағдарламаның да мақсаты сол", – дейді Аша.

Айта кетейік, өткен аптада "Қалаулымның" символы атанып кеткен Замира жобамен қош айтысқан болатын.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары