Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупіне байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Алдағы 18-19 сәуірде жауын-шашын күтілуіне байланысты Шығыс-Қазақстан облысында су тасуы мүмкін, су басулар қалыптасуы ықтимал", - делінген хабарламада.
Мұның алдында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде мұздарды жару үшін 17 тонна тратил пайдаланылғанын айтқан еді.
"Бұқтырмадағы мұздың қалыңдығы екі метрден асады. Жаруға көп күш кетті. Бірнеше сағаттан кейін су деңгейі 2,5 метрге төмендеді", - деген еді әкім. Дереккөз: Tengrinews.kz