Аустралияда көліктің алдыңғы әйнегіне жабысып алған жылан автокөлік жүргізушісін қорқытып жіберді. Аустралия тұрғыны Квинсленд штатындағы Хермит-Парк қаласынан өтіп бара жатқан кезде көлігінің әйнегіне жасыл жыланның жабысып алғанын байқап қалған деп жазады UPI.
Жыланды көріп шошып кеткен әйел бірден жолдың жағасына тоқтап, оны ұялы телефонына түсірмекші болған.
«Сол уақытта ол маған қарай бұрылып, көзіме тіке қарап, тілін шығарды. Мен баратын жеріме кешігіп одан ары қорқып кеттім. Оның үстіне көліктен қалай шығатынымды білмедім», – дейді бойжеткен.
Не істерін білмеген әйел апаттық дабылды қосып, баяу жүріп келген. Жыланмен бірге жол жүруге мәжбүр болған көлік иесі, жол бойы жұмысындағы таныс адамдарға хабарласқан. Нәтижесінде, әріптестерінің бірі көмекке келген екен.
«Ол ұзақ уақыт бойы күлкісін тыя алмай, көлігінен әрең шықты. Онымен қоса көліктен шыға алмай отырған мені суретке түсіріп алды. Содан кейін ол жыланды қолына алып, жолдың бойындағы гольф алаңының жанындағы ағашқа отырғызып кетті», – деп түсіндірді бойжеткен.
Дереккөз: Stan.kz