$ 494.87  520.65  4.91

Жас гей жігіт керек: Отбасын құратын адам іздеген астаналық қыз жұртты таң қалдырды

«Қыз мұраты – кету» деген. Астаналық 23 жастағы бойжеткен өзіне жігіт іздейтінін айтып жар салды. Бірақ қыздың таңдауы неге екені белгісіз, гейлерге түсіпті деп жазады NUR.KZ.

«Жасым – 23-те. Ақылды әрі тартымды қызбын. Қолымда шетелдің ЖОО дипломы бар.  Астана қаласынан қызтеке жігіт іздеймін. Оған тұрмысқа шығуға әзірмін. Тіпті, бала да туып беремін. Сондай-ақ бөлек жатамын десе де өз еркі. Оның өміріне араласпаймын», – деп жазды бойжеткен.

Астана тұрғыны «қашан келін әкелесің» деп мезі еткен туыстарынан қызтекелерді құтқарғысы келетіндіктен осындай қадамға барғанын айтады.

Ал көпшілік қыздың бұндай шешімге келгеніне аң-таң болды да қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары