$ 494.87  520.65  4.91

Арағыңды қойып, толып қапсың: Қарт кісі Серікбол Сайлаубекті МС Сайлаубекпен шатастырып алды

Ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған Серікбол Сайлаубекті ауылдағы бір әже МС Сайлаубекпен шатастырған.

Өткен жылы ел аралап, 125 тегін концерт берген әнші Серікбол Сайлаубек Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының студиясында ауылдардың бірінде болған қызықты жайтты айтып берді.

Халықтың батасын жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған өнер иесі халыққа ән тыңдатып, рухани әңгімелесіп, көңілдерін көтеруді мақсат етіпті. Аппаратура, сахна таңдамайтын әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарда камаздың, арбаның үстіне кілемді жайып жіберіп, ән айтатын кездерін күліп еске түсірді.

Сондай концерттердің бірінде ауылдағы бір әжей «Мәләдес Сайлаубегім-ай! Арағыңды қойып, сақалыңды өсіріп, толығып қапсың, мәләдес» деп ризашылығын білдіріпті. Өзін МС Сайлаубекпен шатастырған әжейді әнші «Апа, мен ішпеймін, мен басқа Сайлаубекпін, Серікболмын» деп әрең сендіріпті.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары