Таразда автобус жүргізушісі көлік басқарып келе жатып телефонмен ойын ойнаған. Қоғамдық көлікке мінерде өмірін аманаттайтын адамның бұл қылығы жолаушылардың шамына тиді.
Видео Instagram-парақшасындағы zhest_kz тобында жарияланды. Онда автор «Тараз қаласы. №38 маршрут. Нарды ойыны маңызды ма сонда?», – деп жазба қалдырған.
Кадрды көрген желі қолданушылары жүргізушіні тауып, қатаң жазалауды сұрап отыр!
Көлік тізгінінде отырып телефон пайдаланған жүргізушіге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 591 бабы 1 тармағы бойынша 5 АЕК (12 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.