19.04.2018, 10:07

Түк көрмегендер: Алтынай Жорабаеваның құрбыларының іс-әрекеті жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Алтынай Жорабаеваның зәулім үйіндегі аста-төк дастарханның видеосы желіде қызу талқылануда. Видеода үстел басындағы қонақтар ет әкеле жатқандарды жапа-тармағай видеоға түсіруге кіріскен. Оқырмандар олардың бұл әрекетін «жабайылыққа» болады.

Жуырда ғана жаңа хан сарайындай үйіне көшіп кірген Алтынай дастархан жайып, өнердегі әріптестерін қонақ еткен. Алайда үстел басында отырған қонақтардың табақ тарту кезінде жаппай телефондарына жүгіргені елдің ашуына тиді. Олар қол жайып, бата күтудің орнына желіге видео жүктеп жатқандарды аямай сынап тастаған.

«Сұмдық, барлығының қолында сотка. Алақан жаюдың орнына телефон ұстап», «Мынау жабайылар ма? Ұят-ай! Осылар да Қазақстанның әншілері ме? Етті біріншы рет көрдіңдер ме?

 

Әлде ашсыңдар ма? Табақты алудың орнына соткаға түсіріп жатыр», «Негізі əртістерді жоғарғы оқу орнында оқытқанда жүріп-тұру, қонақ күту мен қонаққа бару, күйеуінің бабы т.б. басқа керекті мəдениетті де қосып оқыту керек сияқты.

Өнеріме шектеу қойды, өнерімді бағаламады деп күйеуден айырылып, намаз оқимыз деп ашылып-шашылып жүрген қаншама ел алдында жүрген əйелдер бар»,

«Түк көрмеген адамдар сияқты тамақ көрмегендей телефонға түсіріп əлек. Ұят осындай қылықтары», «Зоопарктегі хайуандар сияқты», — деп жазды олар.

Дереккөз: NUR.KZ