Бірнеше жыл бұрынғы Есентаевтар отбасында болған оқиға әлі күнге дейін халықпен талқыланып келеді. Осыған дейін толықтай бұл оқиға деген көзқарастарын әлі Айсәуле мен Айару білдірген жоқ. Бірақ, дақында Гәкку арнасына берген сұқбатында Айсәуле Бақытбек бұл тақырыпты талқыға алды.
Талқылағанда қалай, жүргізушінің қойған сұрағына жауап берді.
Болған сұмдық оқиғадан кейін ол біршама өскендігін айтып, көзқарасының жағымды жаққа бұрылғандығын атап өтті.
«Мен бұрын жексенбілік отбасылық кештерге аса мән бермейтінмін. Мән бермегенде қалай, мен ол күнді жәй жұмыс күндерінен еш айырмашылығы жоқ деп санайтынмын. Ал сол оқиғадан кейін мен біршама өзгергенімді сезіндім. Сол отбасылық отырыстардың маңыздылығын түсіне бастадым», — деді Айсәуле Бақытбек.
Ал бірнеше жылдар өткенімен, отбасында орын алған сұмдақ жағдай әлі де есінен кетпегенін атап өтті.
«Мұндай оқиғалар әлі де естен еш уақытта кетпейді. Мен тіпті болған оқиғаның куәгері болғанмын. Бірақ, мен көндіктім», деп еске алды Айсәуле.
Баян өзінің бұрыңғы күйеуін кешіргендігін айтқан болатын, ал Айсәуле кешірді ма екен?
«Мен халықтың анама деген қарсы пікірлерін түсінбеймін. Мен әр адам өз жүрек қалауын істегіндігін қалаймын. Және барлығы ойлағандай менің отбасымда күнделікті ұрыс-керіс, я болмасы ұрып-соғу деген мәселелер болмаған Мен және менің сіңілім еш қиындықсыз, керемет отбасында өстік. Және менің әкем де, анам да ең керемет адамдар. Мен бұл ойымды өзгерткен жоқпын»,– деді Алагөзованың қызы.
Бұл туралы видеоның 29:35 минутында айтылады.
Дереккөз: 365info.kz