Алматы облысындағы Көлсай көліне қарай баратын жолды басып қалған көшкіннің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер 2018 жылдың 19 сәуірінде Алматы облысы Көлсай гидробекеті мамандарының көшкін жүрген аймақты қарау барысында, қазіргі Кеген ауданының (бұрынғы Райымбек) аумағында Саты ауылына жақын маңда тау жынысының қозғалғанын байқағанын айтқан болатын. "Басты себеп - жауын-шашынның түсуі мен сейсмикалық әсер", - деді ТЖК баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, жылжымалы көшкін Саты ауылынан Көлсайға барар жолдағы 400 метрді жауып қалған және төрт электр сымын басып қалып, Көлсай көліндегі демалыс орындарын жарықсыз қалдырды.
"Елді мекендерге келер қауіп жоқ, адамдар да қауіпсіз жерде", - деді ТЖК баспасөз қызметіндегілер