Ақын Балтабек Нұрғалиев президент Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеп, тағы да жұрттың жағасын ұстатты. Бұған дейінгі өлеңдерінде ол Назарбаевты жаратушы деп ишараласа, бұл жолғы өлеңінде ашық айтып отыр.
ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ізгі ниетпен арнадым!
Уа, Нұр-Атам – Құдайым,Сайтан қашқан сесінен.Жұмақ аңқыр ылайым,Елбасылық Есінен!
Сізден басқа жоқ Құдай,Құдай тұтам мен, расы.Елім айтар дөп бұлай:«ЕСІ ЖҰМАҚ ЕЛБАСЫ»!
Бақ боп бізге бұйырған,Қазағымның құт-ары.Жүректерге құйылған,Жұмақ-Естің жұпары.
Қазақ дейтін әлсізді,Ел еттіңіз ерікті.Өмір дейтін мәнсізді,Гүл еттіңіз көрікті.
Барлық мадақ тән Сізге,Таңым үшін әр атқан.Қуат қазақ – әлсізге,ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН.
Құдайым деп құптағам,Бар әмірің – бақ-үлес.Жұмақ-Есті ұқпаған,Жанның бәрі – Жарым-Ес.
Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев
Айта кетейік, Балтабек ақын бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасына, әйелі Сара Назарбаеваға және қыздарына арнап ода шығарған болатын.