$ 494.87  520.65  4.91

Оралда із-түссіз кеткен 21 жастағы жігітке туыстары іздеу салды

17 сәуір күні үйден шығып кеткен Эдуард Карагодский сол күннен бері хабарсыз деп жазады "Мой ГОРОД" порталы.

Жігіттің әпкесі Оксананың айтуынша, Эдуард ата-аналарын еске алу күнінде жоғалып кетіпті.

«Біз сол күні бейіт басынд болдық. Үйге келсек, ол жоқ екен. Бізден бұрын үш сағат бұрын кеткен еді. Соңғы рет оны құрбым сағат 16.00 шамасында "Суровский" дүкенінің жанында отырғанын көріпті. Біз полицияға бірден хабар бердік. Сол күні ол сұр трико және спорттық қара кофта киген болатын. Эдуард эпилепсия талма ауруымен ауыратын еді. Егер көрген біреулер болса, хабарласуын өтінемін», - дейді Оксана.

Айта кету керек, өткен жылдың 13 шілдесінде де Эдуард Карагодский із-түссіз жоғалып болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін ол ауруханадан табылды. Белгілі болғандай, көшеде кетіп бара жатқан Эдуардтың талмасы ұстап қалған екен. Өтіп бара жатқандар жедел жәрдем шақырып көмектесіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары