$ 443.85  474.3  4.8

Динара Сәтжан астаналықтарды гипнозбен ақша ұрлайтын әйелден сақ болуға шақырды

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан астаналықтарды алаяқ ұрыдан сақ болуға шақырды. Айтуынша, қалада өзін балгермін деп таныстырып, артынша бүкіл ақшаң мен алтыныңды үптеп кететін әйел пайда болыпты.

Күдікті әйелдің гипноз жасап, дүкен сатушысын тонап кеткен видеосын өз Instagram-парақшасына жариялаған Сәтжан жергілікті тұрғындарды сақ болуға және оны ұстап беруге көмектесуге шақырды.

«Достар! Алаяқты табуға көмектесіңіздерші. Ол гипноз жасап, ақша ұрлайды. Бұл әйелден сақ болыңыздар! Ұры 45-50 жаста, бойы 165-170 см, толықтау келген. Үстіне ұзын көйлек, көк күртеше киген. Шашы күйдірілген», - деп жазады Динара.

Күдікті адамның сеніміне кіріп, бал ашып беремін деп алдайтын көрінеді. Артынша гипноз жасап, ақшасын ұрлап кетеді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары