$ 446.49  475.38  4.79

Көршілерінің ауласына кек алу үшін нәжіс лақтырған әжей желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)

Дондағы Ростовта көршілерінің ауласына кек алу үшін қоқыс пен нәжіс тастаған әжей желіде жұлдызға айналды деп жазады fishki.net.

Тұрғындар күнде таңертең далаға шықса есіктерінің алдында қоқыс шашылып жататын болған. Бұдан әбден мезі болған олар бейнебақылау камерасын орнатып, көрші әжейді «ұрлық» үстінде қолға түсірген.

Осылайша кейуананың күнде көршілерінің ауласына әдейілеп, қоқыс пен нәжіс төгіп тастайтыны белгілі болған.

Желі қолданушылары әжейдің бұл қылығына күліп алды.

«Қызық екен», «Көршілерінің орнында болсам, мына әжейді шайға шақырар едім», – деп пікір қалдырған олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары