$ 494.87  520.65  4.91

Өз оқушысына ғашық болып қалған мұғалім оған қалай тұрмысқа шыққанын айтты

Дана есімді қазақ мұғалімі өз оқушысына ғашық боп қалған. Өзінен кішкентай балаға тұрмысқа шығатынын естіген туыстары мен таныстары алғашқыда есеңгіреп қалыпты деп жазады NUR.KZ.

Қарапайым отбасында өскен Дана 24 жасында қалалық гимназияның біріне информатика пәнінің мұғалімі болып орналасады. Бір жылдан кейін 10 сыныпқа жетекшілікке қойылған ол жаңадан келген оқушысына ғашық боп қалады.

«Арсен 16 жаста болғанымен, 25 жастағы жігітке ұқсайды. Сол кездері егер мен оның сыныптасы болсам не болар еді? Біз бірге болар ма едік деп ойлайтынмын. 14 ақпан күні ол маған хат жазып, жүрек сыйлады. Сол уақытта оның да маған деген сезімі барын білдім. Бір күні Арсен үйіме шығарып салды. Ішуге су сұраған соң, ішке кіргіздім. Сонда ернімнен кәдімгі үлкен еркектей сүйіп алды. Аң-таң боп қалдым, мектеп бітірген соң маған үйленетінін айтты да шығып кетті», - дейді Дана.

Алғашқыда ұялған мұғалім кейіннен Арсеннің өзіне деген сезімі шынайы екенін білгенде қуаныпты. Бірақ оқушысы мектеп бітіргеннен кейін өз қатарластарына ғашық болып, мені ұмытып кетер деп ойлаған.

«Бір жылдан кейін оқушыларым мені кездесуге шақыры. Олардан 8-9 жас үлкендігім бар. Арсенмен сол кезде тағы кездестік. Ол менің жанымнан бір елі шықпады. Сыныптастары да оның маған ғашық екенін білген сияқты. Кештен соң үйге бірге келдік. Сол түні үш жыл бойы армандап келген нәрсе болды. Ешбір еркекпен ондай болмаған, ол сондай күшті еді», - деп бақытты күнімен бөліскен мұғалім оқушысына жарты жылдан соң тұрмысқа шыққанын айтып отыр.

Алғашқыда жігіттің ата-анасы қарсы болыпты. Қазір олар өздерін бақытты отбасымыз деп есептейді. Бүгінде үш баласы бар Дана оқушысына үйленгенінен енді ұялмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары