$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте супермаркет қызметшісі клиентке тауарын түкірік толы пакетке салып берген (ВИДЕО)

Шымкенттегі супермаркеттердің бірінде сатушы клиенттің сатып алған тауарын түкірік толы целлофан пакетке салып берген. Болған жайтты клиент видеокамераға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді.

Тауар сатып алған әйел өзінің Республика көшесіндегі «Әсем» супермаркетінде тұрғанын айтады. Кассада отқан қызға ол шағым айтқанымен, сатушы оның шағымына бас ауыртқысы келмей, алған затын тегін алып кете беруін айтып, жұмысын одан әрі жалғастыра берген.

Супермаркет қызметшілерінің не үшін мұндай қадамға барғандары белгісіз. Анығы, шоколад салынған целлофан қалтаның ішінде расымен де сілекей секілді сұйық заттар бар. Аталған видеоға пікір жазған желі қолданушылары болса кейбір сатушылар мен кассирлер полиэтилен пакеттеріне түкіріп отқанын талай рет көргенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары