24.04.2018, 06:30

Астанада соңғы 10 күнде 4 бала терезеден құлап қалған

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың 19-22 сәуірі аралығында балалардың терезеден құлауына қатысты 4 жағдай тіркелген деп жазады 24kz.

Оның ішінде 1 оқиға баланың мерт болуымен аяқталған.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады.

Осыған байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын ескертеді.