24.04.2018, 06:41

Автобекет маңында дәрет сындырған ер кісі жұрттың ашуына тиді

Тапа-тал түсте далада жұрттың көзінше дәрет сындырған ер адам жұрттың ашуына тиді. Куәгер осы сәт түсірілген фотоны Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген.

Суретте жігіттің түк қысылмастан кіші дәрет сындырып тұрғаны анық көрінеді. Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары оның әдепсіздігін айтып, мәдениеттен жұрдай деп сөкті. Оқиғаның қайда болғаны белгісіз. Бірі - Қазақстан десе, кейбіреуі жігітті моңғол азаматына ұқсатып жатыр.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын футболдан Қазақстан кубогі жолындағы жарыста "Мақтарал" (ОҚО) клубының ойыншысы матч кезінде алаң шетіне барып, кіші дәрет сындырған болатын.