$ 445.66  474.58  4.78

Ақтөбеде егде тартқан ер адам көпқабатты үйдің подъезіне дәрет сындырып кетті (ВИДЕО)

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірін егде тартқан ер азамат бүлдіріп кетті. Подъезде ешкім жоқ екеніне көзі жеткен ол тапа-тал түсте кіші дәрет сындырыпты. Алайда, адам көрмесе де бұл сәтті бейнебақылау камерасы қалт жібермей жазып алған. Артынша осы үйде тұратын тұрғындар бұл видеоны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді.

Видео авторларының айтуынша, оқиға Ақтөбедегі «Юнис сити» тұрғынүй кешенінде болған.

«Үлкен кісі болып, ұяттан жұрдай. Бұл ауданның тұрғыны емес. Балаларымызды шығаруға қорқатын заман болды ғой. Тапа тал түсте. Масқара! Өзін таныса, сыртынан көріп ойланар», - деп жазды видео авторы.

Ал, zello.aktobe тобында жарияланған осынау видеоға пікір айтқан жергілікті тұрғындар мұндай келеңсіздіктердің орын алуына әкімдік кінәлі дейді. Өйткені, қалада қоғамдық дәретханалар жоқтың қасы. Өуығы қымқан үлкен кісілер кейде осылай жасауға мәжбүр болатын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары