Оралда мектепке дейінгі даярлық тобында оқитын оқушы кәріз құдығына түсіп кетті. Баланың басы жарылып, денесіне түрлі жарақаттар түскен деп жазады Уральская неделя.
Оқиға 25 сәуір күні 9 шағын ауданындағы №9 үйді маңында болған.
«Оқушы мектептен қайтып келе жатып, құдыққа түсіп кетеді. Шұңқырдың жанынан өтіп бара жатқан жас жігіт оның дауысын естіп, бірден сыртқа шығуына көмектескен», – дейді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Әдбікәлікова.
Дәрігерлер баланың бас жарақатын алғанын, сондай-ақ терісінің бірнеше жері жырылғанын айтады.
Кәріз шұңқырының қандай кәсіпорын қадағалауында екенін жергілікті полиция тексеріп жатыр.