26.04.2018, 09:53

Оралда әйел жаңа туған сәбиін бейіт басына тастап кеткен (ВИДЕО)

Орал қаласының іргесіндегі Дерқұл ауылында жаңа туған сәбиін бейіт басына тастап кеткен 33 жастағы күдікті әйел ұсталды. Полицейлер істі сотқа дайындап жатыр деп жазады Уральская неделя. 

«Баланы бейіт басынан тапқаннан 2 күн өткен соң біз осы әйелді күдікті ретінде қолға түсірдік. Дәрігерлер тексеру барысында сәбиді осы кісінің туғанын анықтады», – дейді  Орал қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов.

Полицейлердің айтуынша, әйел жергілікті емханада жүктілік кезінде тіркеуге тұрмаған. Олар «баланы анасы бейітке әкелгенде тірі болған» деп отыр.

Еске сала кетейік, 5 наурыз күні Дерқұл ауылындағы бейіт басынан мектеп оқушылары жаңа туған нәрестенің денесін тауып алған болатын. Полицейлер «Туған баласын өлтіру» бабы бойынша қылмыстық із қозғаған.