$ 448.15  483.46  4.86

Шымкенттегі дендропарк маңынан 20 жыл бұрын өлтірілуі мүмкін деген адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі Дендрарий саябағының маңында жұмыс істеп жүрген құрылысшылар адам сүйегін тауып алды деп мәлімдеді TVK телеарнасы.

Жұмысшылар сүйекті көре сала дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен Әл-Фараби АІІБ мамандары қазір тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл осыдан біраз жыл бұрын жасалған қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.

Криминалды полиция қызметкерлері сүйекке экспертиза жүргізетіндерін айтып отыр. Десе де, адам қаңқасының бұл жерде жатқанына кем дегенде 20 жылдай уақыт өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары