Қоғам 27.04.2018 сағат 03:31

Qazkom банкі Оғыз Доғаннан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Qazkom банкі Оғыз Доғанға қазақша қызмет көрсете алмағаны үшін кешірім сұрады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Казкоммерцбанк, 25 сәуірде Астана қаласында «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде болған оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерлерден кешірім сұрайды.

Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар Казкоммерцбанктің барлық бөлімшелері мен кеңселерінде бар. Клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген. Астанадағы «Сары-Арқа» филиалының қызметкерлері арасында да қазақ тілін жоғары деңгейде білетін менеджерлер бар. Бұл жағдайда да біз клиентке қажетті банк қызметін қазақ тілінде ұсына алар едік, өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан бөлімше қызметкерлері эмоцияға жүгініп, клиентке қызметті дұрыс көрсетпеді. Қызметкерлеріміздің бұл іс-әрекеттерін біз ақтамаймыз. Алайда бұл оқиғаның бейнетаспаға түсіруге байланысты стресстік жағдай тұғызғанын атап өткіміз келеді. Болашақта мұндай оқиға қайталанбас үшін біз өз қызметкерлерімізге тиісті оқыту тренингтерін өткіземіз», – делінген хабарламады.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Астана қаласындағы «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде Оғыз Доған өзіне қазақша қызмет көорсетпеген қызметкерлерді видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Содан кейін БАҚ құралдары бұл ақпаратты жарыса жазып, соңы дауға айналған. 

Бұған дейін де түрік азаматы «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бортта мемлекеттік тілде қызмет ала алмағаны үшін соттасқан еді. Сотта жеңіске жеткен Оғыз Доғанға компания 1 теңге көлемінде қаражат өтеген.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар