27.04.2018, 05:05

Баян Алагөзова аптасына 1 күн тек қазақша сөйлейді (ВИДЕО)

Журналистердің қазақша қойған сұрағына да  үнемі орысша жауап беретін Баян Алагөзова мемлекеттік тілде сөйлеп жұртты таң қалдырды.

Алагөзова аптаның бейсенбі күнін тек қазақша сөйлеуге арнайды екен.

«Бәріңізге сәлем! Бүгінгі күн – тек қана қазақша сөйлейтін күн. Қызымыз екеуміз күні бойы тек қана қазақша сөйлеп жатырмыз. Қызым менің 5 жыл бойы қазақ мектепте оқыды. Мен сияқты емес. Орыс тіліндегі мектепті бітірген адаммын», – деді Алагөзвова көлік тізгіндеп келе жатып.

Продюсердің қазақшасын қадағалап отыраған Айару Бақытбек анасының сөзіне риза болып, жымиып отырды.