27.04.2018, 08:23

Әуежайларда орындыққа жатуға тыйым салынды

Мәскеу облыстық думасының депутаттары аэровокзал кешенін пайдаланудың жаңа ережелерін бекітті. Құжат думаның ресми порталында жарияланған.

Ережелерге сәйкес, аэровокзал кешенінің аумағы мен жабдықтарын ластауға, орындықтарда, креслоларда, баспалдақ пен баспалдақ алаңында жатуға, еденде, баспалдақ пен баспалдақ алаңында отыруға тыйым салынады. Бұған қоса, енді күту залдарында орындыққа жүк қоюға болмайды. 

Сондай-ақ, құлаққапсыз музыка тыңдауға, эскалатор мен траволаторда жүгіруге тыйым салынды. 

Сонымен қатар, әуежай аумағында лас әрі жағымсыз иіс шығатын киіммен, беті ашық ыдыстағы балмұздақпен жүруге болмайды. Кешен аумағында мүгедектер арбасынан басқа, велосипед, самокат, роликті коньки және басқа да спорт құралдарымен қозғалуға тыйым салынған. 

Дәретхана бөлмелерінде душ қабылдауға және киім ауыстыруға болмайды. 

Ережелерді бүзған жолаушыларға әкімшілік жаза қолданылады. Айыппұл мөлшері азаматтар үшін 100-ден 500 рубльге дейін, лауазымды тұлғалар үшін 1000-нан 2000 рубль, заңды тұлғалар үшін 2000-нан 4000 рубльге дейін қарастырылған.

Дереккөз: Sputniknews.kz