$ 443.44  480.51  4.88

Астанадағы көпқабатты үйлердің біріндегі лифт шахтасы өртенді

Астанадағы "Магистральный" тұрғын үйінде лифт шахтасы өртке оранды. Куәгерлер өрт туралы дабыл жүйесі өшіріліп тұрғандықтан, бұл жайтты тек интернеттен білгендерін айтқан.

"Магистральный" тұрғын үйінде лифт шахтасы өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер жақын болды. Тез келіп жетіп, өртті сөндірді.

Үйдің өрт туралы хабарлайтын дабылы іске қосылмады. Оны балалар ойыншыққа айналдырғасын сөндіріп тастаған. Бақытымызға орай үй мәселесі бойынша ортақ чатымыз бар. Сол арқылы өрт туралы білдік. Осылай өмір сүріп жатырмыз", - деп жазған куәгер.

Астана ТЖК баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"26 сәуір күні сағат 16:07-де Момышұлы көшесіндегі 18 қабатты үйдің лифт шахтасында сегіз шаршы метр аумақты алатын қоқыс өртенді. Өрт 16:15-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда", - дейді баспасөз қызметінде.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары