$ 441.66  475.14  4.86

Жаңа туған сәбиді бұттың астынан өткізген әжелер сынның астында қалды (ВИДЕО)

Жұрт жаңа туған сәбиді бұттарының арасынан өткізген әжелерді сынап жатыр. Қазақтың бұрынғы ырымын орындау барысы көрсетілген бұл бейнежазбаны Асылан Омаров есімді Facebook қолданушысы әлеуметтік желідегі топтардың біріне жүктепті.

«Бұл қандай ырым? Масқара ғой, жаңа туған нәрестені бұттың астынан өткізу деген. "Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" деген сөз бар», - деп жазады осынау жәстүрге таң қалған автор.

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деп айтылғанымен, бейнежазбаны көрген жұрт жағаларын ұстады. Мәселен, пікір жазушылардың бірі мұны жабайылыққа теңесе, өзгелері бұл салттың тарихын айтып, өздерінше түсіндіріп жатыр. «Бала тұрмай шетіней бергенде көп балалы ананың бұтының астынан өткізсе бала тұрақтайды деген ырым бар», - дейді желі қолданушыларының бірі.

Бұл видеоролик қай өңірде түсірілгені белгісіз. Бірақ пікір қалдырушылардың көбі аталған салтты маңғыстаулықтар берік ұстанады дегенді айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары