$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев даңғылын жаңғырту Жамбыл атындағы кітапханадан басталды (ФОТО)

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы  кітапхана жастардың зияткерлік орталығы ретінде қайта жасалып, модернизацияланды.

Күрделі  жөндеуден өткен кітапханада кітаптармен, электронды ақпаратпен жұмыс істеуге, жаңа шығармаларды таныстыруға, құжатты және ғылыми-танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи «open space» және тегін «Wi-fi» мен кофейня бар.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жаңа гуманитарлық білімнің» алғашқы оқулықтарын таныстыруда заманауи ұлт бәсекелестігінің басты шарттарының бірі жас ұрпақтың білімділігі. «Президенттің «Қазақстан-2050 Стратегиясын қолдау» қоғамдық қорының қаржылық көмегі арқасында  білім мекемелерін модернизациялаудың жаңа тәсілі жүзеге асты. Жобаға қатысқан алматылық жастар классикалық кітапхананы жастардың коворкинг- орталығымен ойдағыдай үндестіре білді», - деп атап өтті  мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.

Жаңарған интерьермен қоса «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай кітапхананың барлық кітап қоры саналып, электрондық форматқа көшеді. Бұлардан өзге, қайта жаңғырған Жамбыл атындағы кітапхана жалпы кітап қоры 1,8  миллион дана болатын қаланың бірегей кітапхана жүйесіне енді. Көпшілік оқырман үшін кітапхана биылғы жылдың мамыр айында ашылады.

«Мұнда оқырман қажетті ақпаратты алып қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады. Біз кеңістікті заманауи және жайлы жасауға тырыстық. Мысалы, 550 спот жақсы жарық берумен қатар қолайлы атмосфераны туғызады», - деді жоба кураторы Кәмилла Лұқпанова.

Еске салсақ, қаланы жаңартудың екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даңғылдар, соның ішінде Назарбаев, Абай, Абылай хан даңғылдары және басқалары жаңарады. Бұлардан өзге, бұрыннан жаңарған 455 аула алаңдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді. Мегаполисте 157 көше мен 30 шақырым қала тротуарлары жаңарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары